Қызылордада ақындардың мүшәйрасы өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда қаласындағы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада қолына қалам алып, өлең өлкесіне талпынған жастардың қатысуымен екі бірдей жыр мүшәйрасы өткізілді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Алдымен Мұқағали Мақатаев атындағы ІІІ облыстық ақындар байқауы өтіп, онда мектеп оқушысы қызылордалық Мөлдір Айтбаева топ жарды. Ал аралдық жас Ұлықбек Тәңірбергенов екінші орынға ие болды. Үшінші жүлде "Болашақ" университетінің студенті Шаттық Қыстаубайға берілді. Келесі жас ақындар мүшәйрасы Әбілдә Тәжібаевтың 100 жылдығына арналды. Бұл сынақта Қорқыт ата университетінің І курс студенті Ұлықбек Тәңірбергенов бірінші орынға лайық болды. Екінші орын қызылордалық студент-жастар Салтанат Жүсіпова мен Шаттық Қыстаубайға берілді.
Соңғы жаңалықтар