Қызылордада алаяқтық жасады деген күдікпен полицейлер ұсталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Полиция департаментінде алаяқтық қылмысы бойынша басқарма басшысы мен оның қызметкері ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бұл жөнінде Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 5 қазан күні ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті және Қызылорда облысының Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының мамандары өткізген арнайы шара барысында заңсыз әрекеті үшін басқарма басшысы мен оның қызметкері қолға түсті.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, бүгінгі күні күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамауға алынған. Олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігімен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

«Қазіргі таңда қызметтік тергеу жүріп жатыр. Мұндай заңбұзушылыққа қасақана барғандар заң аясында қатаң жазаға тартылады. Полиция беделіне нұқсан келтіретін әрекеттердің алдын-алу шаралары жалғасады»,- деп атап өтті Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан.


Соңғы жаңалықтар