Қызылордада алдағы үш күнде қатты ыстық болады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында алдағы 12-14 тамыз күндері қатты ыстық болады. Бұл туралы «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қызылорда гидрометеорология орталығынан хабарлады.
None
None

Осы үш күн ішінде Қызылорда облысының кей жерлерінде күндізгі ауа температурасы 40-43°С градус ыстыққа дейін көтеріліп, солтүстік-батыстан соққан желдің 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі.

Осыған байланысты, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аудару  керектігін ескертеді.

Соңғы жаңалықтар