21:48, 27 Тамыз 2014 | GMT +5
Қызылордада әлеуметтік салаға бөлінетін қаржы еселеп өсіп келеді
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында әлеуметтік қорғау, білім беру және денсаулық сақтау салаларын дамытуда біршама серпін бар.

Өңірдің әлеуметтік дамуына биылғы жылы 122 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл 2012 жылмен салыстырғанда 35 пайызға, 2013 жылмен салыстырғанда 20 пайызға артық, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ тұрғындар табысының өсуі (7,7 пайызға дейін), бөлшек тауар айналымының 25 пайызға дерлік жоғарылауы, екінші деңгейдегі банктердегі тұрғындар салымының артуы (жан басына шаққанда 21 пайызға) қызылордалықтардың әл-ауқаты жақсарғанын көрсетеді.