21:06, 02 Қазан 2013 | GMT +5
Қызылордада «Алтын күз» жәрмеңкесі өтетін уақыт белгіленді
ҚЫЗЫЛОРДА. 2 қазан. ҚазАқпарат - Қызылордада егін орағының қорытындысына арналған дәстүрлі «Алтын күз -2013» мерекесі өтетін уақыт белгіленді. Биыл ол 12 қазан күні өткізіледі. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Мерекенің өткізілу бағдарламасы жайлы қала әкімі жанындағы тұрақты кеңес отырысында баяндап берген қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Қуанышбек Ахметов оның жылдағыша облыс аудандарының қалада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін түрінде өткізетінін айтты.
Осыған орай аудандардың жәрмеңке өткізетін орындары белгіленген. Мерекелік шаралар таңғы 8-де басталады.