Қызылордада арзанға көлік алып беретінін айтып алдаған адам сотталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылорда облысында арзан бағаға көлік алып беретінін айтып, танысын алдап кеткен адам сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылордада арзанға көлік алып беретінін айтып алдаған адам сотталды

Қызылорда тұрғыны арзан көлік алып беремін деп, танысын алдап соққан. Жәбірленушіге келтірілген шығын – 5 млн теңге.

«Тергеу барысында күдікті азаматтың алаяқтық іс-әрекеті толығымен дәлелденді. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен (Алаяқтық) іс қозғалды. Сот үкімімен оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда қаласында заңсыз ойын бизнесін жүргізген адамға айыппұл салынды.