Қызылордада аса ірі мөлшерде марихуана тасымалдаған тұрғын қолға түсті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында аса ірі мөлшерде марихуана тасымалдаған тұрғын қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылордада аса ірі мөлшерде марихуана тасымалдаған тұрғын қолға түсті

Жаңақорған аудандық полицияясы және Қызылорда облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлер «Самара-Шымкент» тас жолының Жаңақорған ауданының тұсында жеңіл автокөлікті тоқтатты.

«Тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан түрлі-түсті пакет алынды. Онда ерекше иісі бар шөп салынған 328 сіріңкі қорабы болды. Сараптама қорытындысы бойынша алынған заттар жалпы салмағы бір келіден астам кептірілген марихуана болып табылады. Күдікті оқиға орнында ұсталды. Ол Жаңақорған ауданының 39 жастағы тұрғыны болып шықты. Аталған азамат аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қ Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.Онда аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау жағдайы көрсетілген», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.