Қызылордада «Ashyq» арқылы жұмыс істейтін нысандарға кірмек болған 12 адамға айыппұл салынды

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық департаментінің мәліметі бойынша өңірде «Ashyq» жобасы енгізілгеннен бері 132 дерек тіркелген. Олардың 47-сі «қызыл», 85-і «сары» мәртебедегі азаматтар.
Қызылорда қаласы бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Ұзақбаевтың айтуынша, «қызыл» мәртебемі бола тұра қоғамдық орындарда жүрген 12 азаматтың әрқайсысына 87 510 теңге көлемінде айыппұл салынған.
Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының мәліметіне сүйенсек,
21 шілдедегі ақпарат бойынша облыста 519 нысан «Ashyq» жобасы аясында жұмыс жасауда. Жоба аясында жұмыс жасаушылардың 50 пайызы кәсіпкерлік нысандар болса, қалғаны - ерікті қатысушы ұйымдар.
«Ashyq» қосымшасына тіркелген нысандардың 242-сі Қызылорда қаласына тиесілі. Аудандар арасында Арал, Қармақшы, Қазалы, Шиелі аудандарының кәсіпкерлері мен өзге де ұйымдары «Ashyq» қосымшасын белсенді қолдануда.
Еске салсақ, Қызылордада шілдеде 1,2 мың адам коронавирус жұқтырды.