Қызылордада аумағы 292 шаршы метр болатын жазғы кафе өртенді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында кафенің жаздық алаңы өртеніп кетті. Оның жалпы аумағы 292 шаршы метрді құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылордада аумағы 292 шаршы метр болатын жазғы кафе өртенді

Оқиға 28 маусымда сағат 15:00 шамасында болды. Облыс орталығындағы Ә. Бөкейханов көшесінде орналасқан «Тамсан» кафесінің ауданы 292 шаршы метрлік жазғы алаңы жанған.

«Өрт 15:31-де оқшауланған, 15:50-де толығымен өшірілген. Тілсіз жаудан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі мен шығыны анықталуда», - деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада 425 шаршы метрді құрайтын караоке клубы өртеніп кетті.