17:30, 11 Шілде 2021 | GMT +5
Қызылордада ауыл әкімі сайлауына 151 кандидат үміткер ретінде ұсынылды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында ауыл әкімі сайлауына қатысуға 151 кандидат үміткер ретінде ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде 40 ауылдық округі бойынша 151 кандидат бағын сынайды. Олардың ішінде 53-і адам (/35,1 пайыз) саяси партия атынан сайлауға түссе, 98 адам (64,9 пайыз) өзін-өзі ұсынғандар.
Саяси партиялар 38 округі бойынша өз кандидаттарын тіркеді. Атап айтқанда «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан -7, «Ақжол» Қазақстан демократиялық партиясынан - 5, «NurOtan» партиясынан - 32, «Adal» саяси партиясынан - 4, Қазақстан халық партиясынан – 5 адам ауыл әкімі сайлауында ел сеніміне ие болуға күш салады.
Орташа бәсекелестік 3,8 адамды құрады. Ал Жаңақорған ауданы Кейден және Шиелі ауданы Майлытоғай ауылдық округтерінде 1 мандатқа 6 адамнан үміткер болып отыр. Ал 6 сайлау округінде 1 мандатқа 5, 12-де 4, 20-да 3 кандидаттан ұсынылған.