Қызылордада ауыр атлетикадан ҚР чемпионаты басталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордадағы «Евразия» спорт кешенінде ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында ел біріншілігі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None


Ел біріншілігі жекелеген жаттығулар бойынша болады. Алты күн бойы спортшылар 20 салмақ бойынша жеңімпаздарды анықтайды.

Аталған жарыста ерлер 55, 61, 67, 73, 81, 89, 96 келі салмақта жүлделерді сарапқа салады. Ал әйелдер 45, 49, 55, 59, 67, 71, 76, 81, 87, 87 келіден жоғары салмақта бақ сынайды.

Турнирдің ашылуына арналған салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай, ҚР Ауыр атлетика федерациясының атқарушы директоры Алдияр Нұралинов және ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин қатысты.

Айта кетейік ел біріншілігіне Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс орталықтарынан 220-ға жуық спортшы жүлделерді сарапқа салуда.

Жарыс 24 сәуірге дейін жалғаспақ.


Соңғы жаңалықтар