Қызылордада автобус әйел адамды қағып кетті

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында жолаушылар тасымалдауға арналған автобус жолдан өтпек болған әйел адамды қағып кетті. Ол ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 10 наурызда Қызылорда қаласындағы Әйтеке би көшесі бойында болды. Қала ішінде жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық автобус иесі жүргіншіні қағып кеткен.

«Салдарынан әйел Қызылорда қалалық ауруханасына жатқызылды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Еске салсақ, ақпан айында көктайғақтан Қызылордада 2 автобус соқтығысып қалды.


Соңғы жаңалықтар
telegram