Қызылордада «Әжем айтқан ертегі» байқауы өтті (ФОТО)

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамының қарсаңыда Асқар Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Әжем айтқан ертегі» атты облыстық байқау өтті, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
None
None

Халқымыздың салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған облыстық байқауға Қызылорда қаласы мен облыс аудандарынан барлығы 11 топ қатысып, өзара бақ сынады.

Байқаудың ережесі бойынша сайысқа жасы 50-ден жоғары әжелер мен 6-13 жас аралығындағы немерелер қатысты.
4 бөлімнен тұратын байқауға ҚР Мәдениет қайраткері режиссер, ақын, сценарист Оңталап Нұрмаханов, педагогика ғылымдарының докторы, балалар ақыны Рахат Наурызбаева, республикаға белгілі айтыскер ақын Мұхтар Ниязов қазылық жасады.

Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені Қызылорда қалалық мәдениет Үйіне қарасты М.Ерәлиева атындағы мәдениет Үйінің атынан қатысқан Жүсіпбекова Айткүл мен немерелері Оралхан Бекзатұлы, Әлиева Назым жеңіп алды.
null null null null null null null null null null null

Соңғы жаңалықтар