Қызылордада азық-түлік өнімдері бағаларының тұрақты қалыпта болуы үшін барлық жағдайлар жасалады

ЗЫЛОРДА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметтері бойынша, аймақта тұтыным тауарларының негізгі түрлерінің бағалары былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда, айтарлықтай төмен болып отыр.
None
None

Басқарма бастығының орынбасары Шахмардан Қойшыбаевтың айтуынша, жыл ішінде ұн, қант, картоп, сәбіз, пияз секілді бірқатар азық-түлік тауарларының бағалары 10 пайыздан 30,6 пайызға дейін төмендеген. Бағалардың төмендеуіне жыл юойы өткізіліп келген ауыл шаруашылығы тауарлары жәрмеңкелерінің де үлесі аз болмаған. Ал жыл басынан бері мұндай жәрмеңкенің 136-сы өткізілген. Оларда құны әдеттегі базарлардағыдан 10-15 пайызға арзан жалпы сомасы 516,8 млн. теңгенің тауарлары сатылған. Бағаларды төмендту мақсатында басқа да аралар қолданылған. Азық-түлік тағамдарын өндіретін 42 ірі кәсіпорынмен меморандумға қол қойылуына байланысты олардың өз тауарларына қойған үстемелері 10 пайыздан асқан жоқ. Осының өзі облысқа әкелінген 33848 тонна ұнның келісі 46 теңгеден сатылуына мүмкіндік берді. Мұндай қор нан бағасын бір қалыпты ұстап тұрудың кепілі болды.

Бұдан басқа, «Әлиякбар-ата-агро» шаруа қожалығы өндірген ет өнімдері нарықтағы тауардан 10-15 пайызға арзан сатылып келді. Облыстағы сүт өндіруші 10 кәсіпорынның сүт өнімдері бағаларын бір деңгейде ұстап тұруы да бағаның ырықтануына жол ашты. Ал қала іргесіндегі Қызылжарма ауылында орналасқан «Сабыр және К» ЖШС өндіретін өсімдік майының литрі 220 теңгеден сатылды. Бағаны ырықтандыру мен төмендету үрдісі облыста өндірілген картп пен бақша өнімдеріне де қатысты қолданылды.

«Бүгінде Жаңа жылдың қарсаңында азық-түлік бағалары күрт көтеріліп кететіндігіне еш негіз де, қауіп те жоқ, - дейді осы ретте Шахмардан Сұлтанбекұлы. - Мәселе мынада, бізде бағаның кенеттен көтеріліп кетуіне тосқауыл қоя алатындай артық қор жеткілікті. Биылғы жылы оның үстіне, облыста 3250 тонна өнім сақтай алатын көкөніс қоймасын салдырдық. Енді аймақта азық-түлік тауарларының мол қорын жасап алу мақсатында өнімнің жеті түрі қоймаларға тасып алынуда. «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» акционерлік қоғамы осы мақсатта 751 миллион теңгеге несие алды. Алдағы маусымаралық кезеңде өнімдердің бағаларын ұстап тұру үшін қоймаларда сақталған өнімдер арнайы мамандандырылған дүкендер жүйесі арқылы сатылатын болады. Айтқандай, бүгінгі таңға мұндай дүкендердің үшеуі толық қуатында жұмыс жасап тұр. Ондаған «DAF» және үш «КамАЗ» автомәшинелерінің рефрижаторларымен көрші облыстардан жүздеген тонна көкөніс пен картоп өнімдері жеткізіліп қойылды. Қаржылары төленіп қойылған бірқатар тауарлар әлі Қызылордаға әкелінген жоқ. Оларды жеткізу белгіленген кестеге сай орындалады. Олай болса, Жаңа жылдың қарсаңында да, ол басталып кеткеннен кейін де облыста азық-түлік тауарларына деген тапшылық та болмайды, бағалары да қалыптағыдан ауытқымайды. Бұл жұмыстар алдағы уақыттарда да жалғасын таба беретін болады".

Соңғы жаңалықтар