Қызылордада бала күтуші 3 млн теңгенің зергерлік бұйымдарын ұрлап кетті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылорда қаласында бала күтуші құны үш миллион теңгеден асатын зергерлік бұйымдарын ұрлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылордада бала күтуші 3 млн теңгенің зергерлік бұйымдарын ұрлап кетті

Полицияға үй иесі зергерлік бұйымдарын ұрлағаны жөнінде арызданды.

«Сол үйдегі шкаф ішінен құны үш миллион теңгеден асатын қымбат зергерлік бұйымдар ұрланған. Жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде ұрлық жасаған сол үйде жұмыс істейтін бала күтуші екені анықталды. Бұл бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.