Қызылордада бастауыш сынып оқушылары ертең қашықтан оқиды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Қызылорда қаласында қолайсыз ауа райына байланысты 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқытылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы күндері облыс орталығында қолайсыз ауа райы қалыптасып отыр.

«Осыған байланысты балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жалпы білім беретін білім беру ұйымдарындағы 0-4 сынып оқушылары 17 сәуір күні қашықтан оқытылады. Айта кетейік, бұл қаладағы 56 мектеп пен жеке мектептердің бастауыш сынып оқушыларына қатысты», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық білім бөлімінен.

Еске салсақ, 16 сәуірде көктайғақ пен қатты желге байланысты Ақтөбе облысының шекарасынан Арал ауданы орталығына дейінгі жол учаскесі көліктің барлық түрі үшін жабылған болатын.

Синоптиктер 17 сәуірде бірқатар өңірде ескерту жариялады. Қазгидромет болжамынша, Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күші 25 м/с артуы ықтимал. Түнде облыстың солтүстігі мен орталығында 3 градус үсік күтіледі.


Соңғы жаңалықтар
telegram