Қызылордада «Байқоңыр II» инвестициялық форумы басталды

ҚЫЗЫЛОРДА.13 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылордада «Байқоңыр» ІІ инвестициялық форумы басталды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Аталмыш шара негізінен аймақтың инвестициялық ахуалын жақсартуға, қаржы инфрақұрылымдарын дамытуға бағытталған. Форумның тағы бір мақсаты отандық және шетелдік инвесторлар, сондай-ақ өңірдегі компаниялар арасында индустриалды, туристiк және аграрлық салаларда өзара тиiмдi әрiптестiк орнатуды көздейді.

Форумның «Бастау» бизнес орталығында өткен пленарлық мәжілісінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аймақтың инвестициялық әлеуеті және даму перспективалары туралы айтып берді. Одан кейін ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров сөз сөйледі. Жиында сондай-ақ экономика және өнеркәсіпті дамытуға қатысты орталық мемлекеттік органдар, республикалық және халықаралық ғылыми және бизнес-ұйымдар өкілдерінің баяндамалары тыңдалды.

Қорытындыда облыс әкімдігі мен республикалық, халықаралық ұйымдар басшылары өзара әріптестігі туралы меморандумдарға қол қойды.

Соңғы жаңалықтар