Қызылордада «Байқоңыр» инвестициялық форумы жалғасып жатыр

«Металлургиялық кластерді дамытудың перспективалары» деп аталатын №1 секцияның отырысында «Байқоңыр» ӘКК» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасы Іскендір Сейдаханов, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары Ақбатыр Надырбаев, «Мәскеу болат және құймалар институты» ұлттық технологиялық зерттеу университтетінің профессоры Александр Федоров, «Қазақстан Республикасы минералды шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталық» МКК бас ғылыми хатшысы Светлана Ефремова, «Ferrum-Vtor» ЖШС тау-кен кешенінің атқарушы директоры Төлеген Бекбауов, «Water LAB KZ» ЖШС бас директоры Арынқазы Бекмұрзаев, «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Ләззат Мылтықбаева және «Балауса фирмасы» ЖШС директоры Андрей Кузнецов баяндама жасады.
«Аймақтың транзиттік әлеуеті - дамудың мүмкіндігі» деп аталатын №2 секцияда Көлік және коммуникация министрлігі автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Сәтжан Әбләлиевтің, «Көлік Логистикасын Дамыту Ұлттық Орталығы» АҚ инвестициялық департаментінің директоры Жәнібек Нұрсейітовтің, «Turkuaz Invest» ЖШС директорының орынбасары Нұрлан Досаевтың, «ELIT Astana group» ЖШС менеджері Жанар Баянованың, Көлік және коммуникация министрлігі көлік және жол қатынасы комитеті басқармасының бастығы Ернар Мәулетхановтың және «Marsupelami Services Sari» компаниясының өкілі Сергей Соловьевтың баяндамалары тыңдалды.
Ал №3 секцияда күріш және ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту облыстың агрокешенінің негізі ретінде қарастырылды. Онда «Байқоңыр» ӘКК» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасы Асхат Сүлейменов, «Оңтүстік Қазақстан мал шаруашылығы және егіншілігі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС директорының орынбасары Нұриддин Әлібаев, «ҚазАгроӨнім» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Анас Бекқожаев, «Қазақ күріш өсіру ғылыми зерттеу институты» ЖШС бас директоры Серікбай Өмірзақов, «Аграрлық несие корпорациясы» Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Сәкен Әбенов, «Русские водные системы» ААҚ бас директоры Олег Сидоренко баяндама жасады.