Қызылордада бес айда болған 155 жол-көлік оқиғасынан 47 адам көз жұмды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында биылғы жылдың 5 айында облыста 155 жол-көлік оқиғасынан 47 адам көз жұмып, 196 адам дене жарақатын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бұл өткен жылғы жол-көлік оқиғаларынан 12% (138-ден 155-ке) көп. Соның салдарынан қайтыс болғандар 68% (28-ден 47-ге), жарақат алғандар 12% (175-тен 196-ға) өскен.

«Жол-көлік оқиғасының басты себебі жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер тарапынан жол ережесінің сақталмауы. Мұндай оқиғалар негізінен жылдамдықты шамадан тыс асырудан, жолдың қарсы бағытына шығудан, жаяу жүргіншілер өткелінде оларға басымдық бермеу және маневр ережесін бұзу салдарынан болады.

Жыл басынан бері қалада орнатылған автоматтандырылған жүйелер арқылы жылдамдықты асырудың 9 890 дерегі анықталды. Облыс орталығында жүргізушілер тарапынан жылдамдықты шамадан тыс асыру дерегі азаймай отыр.

Осы себепті қала орталығында болған 69 жол-көлік оқиғасынан 8 адам көз жұмып, 73-і дене жарақатын алды», - деді облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Шамшидин Әмитов.

Еске салсақ, Қызылордада алаяқтық қылмысының басым бөлігі интернет арқылы жасалған.



Соңғы жаңалықтар