14:53, 28 Мамыр 2013 | GMT +5
Қызылордада бір адам қырым-қанды безгегі диагнозымен ауруханаға жатқызылды
ҚЫЗЫЛОРДА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында бір адам қырым-конго қанды безгегімен ауырады деген күдікпен шұғыл ауруханаға жатқызылды.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің бас маманы Айгүл Нұрманова хабарлады.
Ал осындай дерт күдігімен ауруханаға жатқызылған 1984 жылы туған Жұлдызай Баекееваның жағдайы қазір орташа ауыр.