Қызылордада бір күннің ішінде 705 құқықбұзушылық анықталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың тамыз айының 23-25 күндері облыс көлемінде «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп, жұмыс барысы күшейтілген жүйеге көшірілді.

Аталған іс-шараға ІІО-ның жеке құрамы жұмылдырылып, іс-шараның бірінші күнінде барлығы 705 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД сілтеме жасап хабарлады.

 Оның ішінде жол-көлік оқиғасына тікелей септігін тигізетін өрескел жол қозғалыс ережесін бұзу фактілерінің бірі - автокөлікті мас күйінде басқарған 11 жүргізуші анықталса, қауіпсіздік белдігін тақпаған 114 жүргізушіге, ұялы телефонмен сөйлескен 73 жүргізушіге, жылдамдықты шамадан тыс асырған 58 жүргізушіге  әкімшілік хаттама толтырылды.

Сонымен қатар, «Мүлдем төзбеушілік» қағидаты аясында  спирттік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу дерегі бойынша 76, ұсақ бұзақылық дерегі бойынша 53 құқықбұзушылық анықталып, тиісті шаралар көрілді.

Уақытша бейімдеу және интоксикация орталығына 42 азамат жеткізілді.
null

Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзғаны үшін ТМД елдерінің 60 азаматына шара қолданылды. 

Тәулік ішінде 5 қылмыстың беті ашылып, заңсыз айналымнан 1 кг. 241 гр. есірткі заты алынды.

Айта кетер жайт, Айдарлы ауылынан оңтүстікке қарай 15 шақырым жердегі жыңғыл арасынан есірткі алқабы анықталды. Егістіктен жалпы салмағы 30 келіні құрайтын 600 түп сора өсімдігі айғақ зат ретінде алынып, сараптама қорытындысымен «сора өсімдігі» екендігі бекітілді. Оқиға орнынан аталған өсімдіктерді күтіп-баптап жатқан жерінен 1979 жылы туылған қала тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына  қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар