Қызылордада бір мезетте қаланың барлық еңбек ұжымдарында Әнұран орындалды

None
None
ЗЫЛОРДА. 29 қараша. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордада «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы» жиырма жұлдызды күн мерекелік шаралары басталды.

Осы 20 күн ішінде жыл бойына елдегі игілікті істердің жиырма шыңы көрсетілетін болады. Әлеуметтік нысандар, балабақшалар, «Әл-Фараби» шағын ауданындағы демалыс орны пайдалануға беріледі, 20 жылдағы өсіп өркендеуіміз мерекелік шаралармен астасып, жалпы халықтық мерекеге айналатын болады.

Асқақ мерекенің беташары ретінде осы күні таңертеңгі уақытта меншік нысанына қарамастан, қаланың барлық еңбек ұжымдарында мемлекеттік Әнұран орындалды.

Солардың қатарында қала әкімінің аппаратының ұжымы да болды.

Соңғы жаңалықтар
telegram