Қызылордада «Бір Отан - бір тағдыр» атты кеш өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 28-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда қалалық ішкі істер бөлімінің ұйымдастыруымен Студенттер сарайында «Бір Отан - бір тағдыр» деп аталатын кеш өткізілді.
None
None

Шара аймақта тұратын ұлттар мен этностық топтардың өзара бірлігі мен татулығын паш етіп, оны одан әрі дамыта түсуге арналды. Оған ғалымдар, саясаткерлер, ұлттық орталықтардың, саяси партиялар мен қозғалыстардың, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері қатысты. Дөңгелек үстел басындағы әңгіме түрінде өткен акцияда Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Нұрхан Жәлиев, Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеттің проректоры Наурызбай Байқадамов, №257 орта мектептің директоры Несібелі Жаппарова және басқалар сөз алып, өз ойларын ортаға салды.

Соңғы жаңалықтар