Қызылордада бір топ ардагер пәтер кілттерін алды

ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда қаласындағы Титов қыстағында екі тұрғын үй пайдалануға беріліп, оларға Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлері орналасты.
None
None

Қала әкімі Мархабат Жайымбетов осы пәтер иелеріне кілттерді өз қолымен тапсырды.

Жалпы, аталмыш шағынауданда 2008 жылдан бері 4 көпқабатты үй салынып, 160 отбасы баспаналы болды. Мұнда бүгінге дейін ҰОС ардагерлері мен оған теңестірілген 13 азаматқа, әлеуметтік көмекке мұқтаж 109 жанға пәтер берілді. Бағдарлама негізінде тағы 4 ипотекалық тұрғын үй және 5 жалдық үй қатарға қосылмақ. Шағын аудандағы үйлер құрылыстарына «Авангард» және «Аман-Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мердігерлік жасап отыр.

Соңғы жаңалықтар