Қызылордада бір жылда 18 887 нәресте жарық дүниеге келді

ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Қызылорда облыстық әділет департаменті АХАЖ бөлімінің мәліметтеріне сүйенсек, өңірде өткен жылы 18 887 нәресте дүниеге келді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бұл көрсеткіш 2007 жылы 16882 сәбиді құраған. Демек, былтырғы деңгей 10,6 пайызға артық болып отыр. Өткен жылы қаңтар айында 1641 сәби шаңырақ шаттығына айналса, үстіміздегі жылдың алғашқы айында 1816 нәресте туылды. Яғни, ол 2007 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 175-ке артық екені байқалады. Былтыр 5866 жұп отау құрған. Биылғы қаңтар айында некеге тұрушылар өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 60-қа артып, 437 отбасы неке куәлігін алды.
Соңғы жаңалықтар