Қызылордада бірнеше күн бойы хабарсыз кеткен жасөспірім табылды

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында бірнеше күннен бері хабарсыз кеткен 17 жастағы жасөспірім табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылордада бірнеше күн бойы хабарсыз кеткен жасөспірім табылды

Байқоңыр қаласының 17 жастағы тұрғыны 15 қарашада Қызылорда қаласына кеткен. Бірнеше күннен бері ата-анасына хабарласпаған. Үйге қайта оралмаған.

«Осыған байланысты Қызылорда қаласы Полиция басқармасы іздеу салды. ​Іздестіру жұмыстарын бірнеше күн жүргізілді. Жасөспірім қала орталығынан аман-есен табылып, ата-анасына табысталды», - делінген Қызылорда қалалық полиция басқармасы таратқан хабарламада.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада жоғалған жасөспірім екі қыз Шымкенттен табылды.