Қызылордада бірнеше сексеуіл кескен тұрғын жазаға тартылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық полиция департаментінің табиғатты қорғау полиция бөлімінің қызметкерлері қоршаған ортаға зиян келтірген жергілікті тұрғынға айыппұл салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Аталмыш азамат Сырдария ауданына қарасты Айдарлы ауданында тұрады. Ол тыйым салынған сексеуіл ағаштары мен бұталарын өте үлкен мөлшерде кесіп, өз үйінің ауласына жинаған. Тексеру барысында сақталған сексеуілдің көлемі 7 шаршы метр екені анықталды.

«Аталмыш дерекке байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 340-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді. Ол Сырдария аудандық сотына жолданды. Сот үкімімен ол қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Айыппұл көлемі 60 125  теңгені құрайды», - деп жазылған Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Айта кетерлігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 2015 жылғы 13 тамыздағы №211 Заңына сәйкес үстіміздегі жылдың соңына дейін мемлекеттік орман қорына жататын жерлерден сексеуіл ағаштарын кесуге, жоюға немесе зақымдауға тыйым салынған.  

Соңғы жаңалықтар