Қызылордада биыл 189 адамның үйде оқшаулану тәртібін сақтамағаны анықталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жыл басынан бері 189 адамның үйде оқшаулану тәртібін сақтамағаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Өңірде 3 972 нысан «Ashyq» жүйесіне қосылған. Басым көпшілігі қоғамдық тамақтану объектілерінің үлесіне тиеді.

Жыл басынан бері 189 тұлға үйде оқшаулану тәртібін сақтамағаны анықталды. Оның 167-і «қызыл» , 22-і «сары» мәртебеге ие. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабына сәйкес індетке шалдыққандығын біле тұра карантин талабын бұзған 33 адамға жалпы 1 млн 516 мыңнан астам теңгеден айыппұл салынды. Ал науқастармен қарым-қатынаста болған 18 адамға оқшаулану тәртібін сақтау туралы қаулы шығарылды.

«Айта кетсек, «Ashyq» жүйесі іске қосылған уақыттан бастап «қызыл» және «сары» мәртебемен 1 347 тұлға карантиндік оқшаулану тәртібін бұзған. Мониторинг нәтижесі көрсеткендей, бұзушылардың басым көпшілігі коронавирус инфекцисына шалдыққан науқастар», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

Еске салсақ, Қызылордада жыл басынан бері 4662 адам коронавирус жұқтырды.


Соңғы жаңалықтар