Қызылордада биыл 22 қылмысты жасыру дерегі анықталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жыл басынан бері 22 қылмысты жасыру дерегі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде алғашқы тоқсанда 972 қылмыс тіркелді. Бұл өткен жылдың үш айымен салыстырғанда 12,2 пайызға төмен. Жыл басынан бері ауыр қылмыс 7, ауырлығы орташа қылмыстар 33,6 пайызға азайған.

«Биыл тіркелген қылмыстарды талдау барысында тонау 33,3, зорлық-зомбылық 44,4, ал алаяқтық қылмысы 56,8 пайызға төмендеді. Қылмыстың әрбір үшіншісі ұрлық қылмысына қатысты. Сонымен қатар биыл 22 қылмысты жасыру дерегі анықталды. Бұл іс бойынша тиісті құжаттар прокуратура органдарына жолданды», - деді Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының бөлім басшысы Қанат Жалғасов.

Жыл басынан бері 43 209 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сәйкесінше былтырғыдан 15,6 пайызға кеміген.

Еске салсақ, Қызылордада кредит алып беремін деп жұртты сан соқтырған алаяқ ұсталды .



Соңғы жаңалықтар