Қызылордада биыл 26 тұрғын үй пайдалануға берілмек

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Биыл Қызылорда қаласында 26 үй пайдалануға беріледі. Бұған қоса, «Қазақстан тұрғын үй-құрылыс корпорациясы» АҚ мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ бірлесіп 10 көпқабатты үй салады.
None
None

Жаңа баспанаға қоныстанатын тұрғындарды жергілікті әкімдік анықтайды. Осы мәселеге орай «Қазақстан тұрғын үй-құрылыс корпорациясы» АҚ мен Қызылорда облысының әкімдігі өзара ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойылды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Басқосуда облыс әкімі Қырымбек Көшербаев 2012 жылдан бері аймақта 4907 тұрғын үй пайдаланылуға беріліп, мыңдаған кезегін күткен жас отбасылар баспаналы болғанын атап өтті.

Үстіміздегі жылы Арай мөлтек ауданынан 5 көпқабатты үй бой көтерсе, келер жылы Шүкіров көшесінде тағы бес үй салынады.

«Қазақстан тұрғын үй-құрылыс корпорациясы» АҚ-ның өкілі Руслан Құсайынов «Қолжетімді баспана» бағдарламасы аясында осы жылы 230 пәтер, 2015 жылы 180 пәтер кілті табысталатынын жеткізді. 15 жылға жоспарланған бағдарламаның тиімділігі көп. Мәселен, тұрғын үйдің әр шаршы метрінің құны 1000-1200 теңге көлемінде ғана болады.

Жиын соңында өңір басшысы байыпты бастамаға сәттілік тіледі.

Соңғы жаңалықтар