Қызылордада биыл «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша 16 су ұңғымалары бұрғыланды

ҚЫЗЫЛОРДА.15 қараша. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында биыл «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында 13 шақырым ауыз су жүйесі, 4,5 шақырым кәріз суы жүйесі және 16 су ұңғымалары бұрғыланды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None
Қалалық құрылыс бөлімінің басшысы М. Әлсеріковтің айтуынша, «Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қызылорда қаласындағы ауыз су және кәріз су жүйелерін, ғимараттарын қайта жаңғырту және кеңейту» жобасы бойынша биыл мемлекеттік бюджеттен 2984,0 млн.теңге қаржы бөлінген. Аталмыш қаржыға кәріз су жүйесі бойынша 1960 жылдары жүргізілген қаладағы Сүлейменов, Әуезов көшелерінің қиылысынан бастап Шымбай көшесіндегі № 1 КНС-қа дейін диаметрі 900 мм, ұзындығы 1,95 шақырым болатын ағымды кәріз су жүйесі қайта жаңғыртылуда. Аталмыш құбыр арқылы темір жол вокзалы маңындағы және қаланың орталық алаң маңындағы барлық тұрғын үйлер мен ғимараттардың кәріз сулары № 1 КНС-на қабылданып, биологиялық тазарту стансасына жіберіледі. «Мұнымен қоса, қала аумағындағы 1950-1960 жылдары жүргізілген диаметрі 500 мм және 600 мм болатын тозығы жеткен су тартқы құбырларының 8,0 шақырымы қайта жаңғыртылуда. Аталмыш жұмыстарды мердігер мекеме «Мелиоратор» ЖШС жүргізуде», - делінген хабарламада. Қалада 2015 жылдан бастап қызылордалықтар Қызылжарма жер асты суын пайдаланатын болады деген жоспар бар. Бұл ретте қалада кешенді су бұрғылау шаралары басталды. Биыл «Арай» шағын ауданында - 11, «Мұнайшыда» 6 дана су ұңғымалары бұрғыланды.
Соңғы жаңалықтар