Қызылордада биылғы жылдың алғашқы жартысында 1763 нашақор есепке алынды

ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 30-ы. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қызылорда облысында үстіміздегі жылдың 6 айы ішінде 1763 адам есірткі затына тәуелдігіне байланысты арнайы есепке алынған.
None
None

Салауатты тұрмыс салтын қалыптастыру орталығының мәліметі бойынша, бүгінде елімізде 54 мың есірткі тұтынушы бар көрінеді. Дегенмен, сарапшылардың бағалауынша, бұл көрсеткіш есірткі тұтынушылардың шынайы көлемін көрсетпейді. Шын мәнінде оның мөлшері бұдан едәуір көп болуы ықтимал. Ал Қызылорда облысындағы наркоахуалға қайта оралсақ, биылғы жылдың алғашқы жартысында есепке алынған адамдардың саны өткен жылмен салыстырғанда аздау екен.Өткен кезеңде бұл көрсеткіш 2078 адамды құраған болатын.

Соңғы жаңалықтар