Қызылордада бокстан еліміздің жасөспірімдер арасындағы чемпионаты басталды

ҚЫЗЫЛОРДА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Бүгін Қызылордада бокстан еліміздің 1995-1996 жылдары туған жасөспірімдері арасындағы чемпионаты басталды.
None
None

Оны ұйымдастыру мен өткізуге жалпы басшылықты Спорт комитеті, Қазақстан бокс федерациясы және Қызылорда қаласының туризм, денешынықтыру және спорт комитеті қолға алып отыр.

Біріншілікке кем дегенде бірінші спорттық разрядтары бар балғын былғары қолғап шеберлері жіберілді. Олар АИБА белгілеген 14 салмақ дәрежесі (44, 46, 48, 50, 52, 54, 57, 60, 63, 66, 70, 75, 80, 80+ кг) бойынша жүлделерді сарапқа салуда. Чемпионаттың финалдық айқастары 23 қаңтар күні өтеді.

Жарыс қорытындысы бойынша өз салмақтарында жүлделі орындарды жеңіп алған боксшылар Спорт комитетінің тиісті медальдарымен және дипломдарымен марапатталады. Осылардың арасынан еліміздің жасөспірімдер арасындағы құрама командасының құрамы анықталып, ол алдағы шілде айында Астана қаласында өтетін әлем чемпионатына республика атынан қатысатын болады.

Соңғы жаңалықтар