Қызылордада бұқаралық ақпарат құралдарының жастарға рухани тәрбие берудегі рөлі талқыланды

ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен Студенттер сарайында "Жастарға рухани тәрбие берудегі БАҚ-тың рөлі" атты дөңгелек үстел болып өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Дөңгелек үстел отырысында жергілікті және республикалық БАҚ-тың басшылары мен меншікті тілшілері, журналистика саласының ардагерлері, жергілікті билік өкілдері, ұстаз-ғалымдар, жастар ұйымдарының жетекшілері, студенттер қатысты.Басқосуда жаһандану дәуіріндегі ақпарат тасқыны жүріп жатқан кезеңде жастарды рухани тұрғыдан тәрбиелеудің жолдарын айқындап, рухани қазынамызды байытып, жастардың ұлттық рухын ояту мен оны дамыту жайлы пікірлер өрбітті. Яғни, ақпарат құралдарының насихатшылық қызметін пайдалана отырып, жастардың ұлттық мәселелерге деген көзқарасын мемлекеттің даму бағыттарымен бірге қарастыру төңірегінде орамды ой бөлісті.Алғашқы сөзді алған университет ректоры, профессор Б.Момынбаев тәрбие қоғамның негізгі қызметінің бірі ? жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру, оның мінез-құлқын дамытушы екендігіне тоқталды. Осы орайда бірлесе жұмыс істеуге шақырды.БАҚ өкілдері бүгінгі жастардың сана-сезіміне селкеу түсірмей, олардың ұлттық, саяси, мәдени өмірде өз орындарын табуларына көмектесудің қажет екендігін баса айтты. Студенттер аға буын өкілдеріне сан алуан сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар алды.
Соңғы жаңалықтар