Қызылордада дәстүрлі денсаулық фестивалі өткізілуде

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Ертең Қызылорда медициналық колледжінің мәжіліс залында жасөспірімдер мен жастардан құралған командалар арасында «Біз денсаулықты бағалаймыз» тақырыбында «Көңілді тапқыштар клубы» ойыны ұйымдастырылады. Сонымен қатар, 6-11 маусым аралығында барлық қалалық, аудандық емханаларда «Ашық есік» күндері өткізіліп, халық көп шоғырланатын орындарда көшпелі медициналық қызмет көрсету ұйымдастырылуда. Сондай-ақ, осы күндер ішінде мектепке дейінгі мекемелерде «Сәбилер денсаулығы» тақырыбында спорттық іс-шаралар өткізіліп, қала, аудан көлеміндегі жұмыс орындарында «Біз салауатты өмір салтын ұстанамыз» ұранымен таңғы жаттығулар ұйымдастырылады.
«Денсаулық фестивалі-2016» кең ауқымды акциясының қортындысы 11 маусым күні сағат 10.00-12.00 аралығында Қызылорда медициналық колледжінің алаңында өткізіледі. Түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылады. Апталық іс-шаралар қорытындысы бойынша жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталады.