Қызылордада діни сауат ашу курсы жұмыс істей бастады

Мұнда сегіз жастан асқан әрбір жеткіншек ата-анасының өтінішімен курсқа жазыла алады. Қазіргі таңда аталмыш мешітте 100 ұлан діни сауатын ашуда. Оның 20-сы ауыл балалары. Шәкірттер жатын орынмен қамтамасыз етілген. Күніне 3 мезгіл тамақ беріледі. Оларға арнайы бөлінген 4 ұстаз дәріс оқиды.
- Біздің мақсатымыз - жастарды имандылыққа тәрбиелеу, қоғамдағы түрлі жат қылықтардан бойларын аулақ ұстауға, діни сауатының молаюына септігімізді тигізу. Мұнда келген балалар тек діни дәріс тыңдап қана қоймай, ұлттық спорттың түрлерімен шұғылданады. Бос уақыттарында «Еуразия» спорт кешеніне барады, - дейді найб-имам Нұрлан Әбжанов.
Биылғы жылы екінші рет ұйымдастырылып отырған бұл шараның негізгі қолдаушылары - «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті мен қаржылай көмек көрсетіп отырған атпал азаматтар көрінеді.