Қызылордада дзюдодан еліміздің жасөспірімдер арасындағы чемпионаты басталды

ҚЫЗЫЛОРДА. 14 ақпан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Кеше Қызылордада дзюдо күресінен еліміздің 1995-1996 туылған жасөспірімдер арасындағы чемпионаты басталды.
None
None

Оған Астана және Алматы қалаларымен бірге барлық облыстардан 557 балғын спортшы қатысуда. Мұнда ұлдар 9, қыздар 8 салмақ дәрежесі бойынша жүлделі орындарды сарапқа салуда.

Кешелі бері біріншілікте бірнеше салмақ бойынша жүлдегерлер анықталып қалды. Мұнда қыздар арасынан жамбылдық Ақерке Әлімбек (57 кг), қызылордалық Ақерке Мырзабек (63 кг), ақмолалық Мария Черниенко (70 кг) және Алматы облысынан Зухра Аққұлиева (+70 кг), ұлдар арасынан оңтүстікқазақстандық Айбек Сапарқұл (73 кг), Алматы облысынан Нұрғали Жолтаев (81 кг), батысқазақстандық Темірлан Көлбай (90 кг) және қостанайлық Никита Токарев (+90 кг) чемпион атанып үлгерді. Қалған салмақ санаттары бойынша жеңімпаздар бүгін кешке және ертең анықталады.

Біріншілік ертең мәреге жетеді. Оның қорытындысы бойынша биылғы тамыз айында Киев қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын еліміздің құрама командасының құрамы жасақталатын болады.

Соңғы жаңалықтар