14:05, 31 Наурыз 2015 | GMT +5
Қызылордада егіс науқаны басталды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласына қарасты ауыл шаруашылығы құрылымдарының барлық нысандарында биыл барлығы 7 мың 55 гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдарын егу межеленіп отыр, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Оның ішінде, 2 мың 769 гектары күріш, 47 гектары жаздық арпа, 26 гектары жаздық бидай, 58 гектары сұлы, 448 гектары жоңышқа, 1 мың гектары картоп, 930 гектары көкөніс, 580 гектары бақша дақылдарын егу жоспарланып отыр.
Жаңа жоңышқа дақылын егу жұмыстары үстіміздегі жылдың 1 сәуіріне дейін толық көлемде атқарылады.