Қызылордада екі бала Сырдарияға батып кетті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада екі бала дарияға суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылордада екі бала Сырдарияға батып кетті

Оқиға бүгін, 1 маусымда Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінде болды. Екі бала дарияға суға түсуге барған.

«Олардың бірінің денесі сол маңда балық аулап жүрген азаматтың күшімен жағаға шығарылды. Ол бала 2008 жылы дүниеге келген жасөспірім екені анықталды. Екіншісінің денесі Төтенше жағдайлар департаменті құтқарушыларының күшімен іздестірілуде», - деп мәлім етті облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада отбасылық демалысқа барған әйел көлге батып кетті.