Қызылордада екі тұрғыннан 9 келі «гашиш» пен «марихуана» тәркіленді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында полицейлер жерглікті екі тұрғыннан 4,3 келі гашиш пен 4,8 келі кептірілген марихуана тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Қызылорда облыстық полиция департаменті есірткіге қарсы күрес қызметі басқармасының қызметкерлері «Рефлекс-2022» ЖПІШ шеңберінде есірткіні сақтаған және таратқан 40 және 65 жастағы екі тұрғынды анықтады.

«Күдіктілердің тұрғылықты мекенжайын тексеру барысында 9 келіден астам ірі мөлшерде есірткі затын тәркіленді. Оның ішінде 4 келі 272 грамм «гашиш» және 4 келі 842 грамм кептірілген «марихуана» екені нақтыланды. Олардан заттай дәлелдеме ретінде есірткі затын өлшеуге арналған электронды таразы мен ақшалай қаражат тәркіленді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция дпартаментінен.

Ведомство мәліметінше, күдіктілер қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігімен бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада газды қарумен оқ атқан тұрғын қамауға алынды.

Фото: polisia.kz
Соңғы жаңалықтар