09:57, 23 Наурыз 2014 | GMT +5
Қызылордада екі жарым айда 4 мың сәби дүниеге келді
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Сыр бойылықтар еліміздегі демографиялық ахуалдың оңалуына елеулі үлес қосуда.
Жыл басынан бері облыс бойынша 4 мыңнан аса сәби дүниеге келсе,олардың қатарында 53-і егіз, 3-үшем бар, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз хатшысы Нұржамал Тұрсынбаева.
Бір ғана қалалық перзентханада жыл басынан бері 2500 сәби дүниеге келген. Оның 780-і ер бала боп туылса,20-сы егіздер. Былтырғы жылмен салыстырғанда екі жарым айда 200 сәби артық туылған. Наурыз күні 21 сәби өмір есігін ашса, арасында егіз сәбилер де бар. Кеше мереке күні жиырма ана мен 21 сәбиге естелік сыйлықтар табыс етілді, делінген хабарламада.