Қызылордада екі жүк көлігі соқтығысып, 1 адам мерт болды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда облысында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» тасжолының бойында екі жүк көлігі соғысты. Апатың салдарынан бір адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Көлік апаты Қармақшы ауданына қарасты II Интернационал ауылының тұсында жергілікті уақытпен сағат 15.00-де болды. Жол бойында «Volvo» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай қалған.

«Соның салдарынан «Volvo» қарама-қарсы бағытта келе жатқан «КаМАЗ» жүк көлігін соққан. Нәтижесінде «КаМАЗ» жүк көлігінің жүргізушісі қайтыс болды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда абайсызда адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу жағдайы болғандығы көрсетілген. Қылмыстық іс бойынша барлық қажетті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспаөз қызметі.

Бұдан бұрын Қызылордада жолда аударылған көлік ішінен бір отбасының бес адамы құтқарылды.



Соңғы жаңалықтар