Қызылордада екі жүк көлігі соқтығысып, бір адам көз жұмды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қармақшы ауданында бүгін екі жүк көлігі соқтығысты. Оқыс оқиғадан 1 адам қайтыс болып, 2 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Оқыс оқиға «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» республикалық маңызы бар автожолдың Қармақшы ауданы Ақтөбе ауылының тұсында сағат 09.00 шамасында орын алды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері, төтенше жағдай және медицина қызметкерлері жұмыс жасап жатыр.

«Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Онда көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы жағдайы көрсетілген. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ҚазАқпарат тілшісіне.

Қызылорда облыстық полиция департаментін өз кезегінде жолдардағы төтенше жағдайларды болдырмау үшін жылдамдық режимі мен ара қашықтықты сақтау қажеттігін ескертеді. Жол қозғалысы ережелерін бұзу, әсіресе қолайсыз ауа райы мен көктайғақ кезінде елеулі жол-көлік оқиғаларының себебі болуы мүмкін.

Бұдан бұрын Қызылордада эвакуатор мен жүк көлігі соқтығысып, бір адам мерт болды.


Соңғы жаңалықтар