Қызылордада екпе қабылдауға қабілетті тұрғындардың 94,5 пайызы вакцина салдырды

Қызылорда облысында ұжымдық иммунитететті қалыптастыруда 452 мыңнан астам адамның коронавирусқа қарсы екпе қабылдауы жоспарланған. Бұл - облыс тұрғындарының 60 пайызы.
Қазір өңірде коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 427 254 адам (94,5%) салдырды. Ал II компонентті 420 172 адам (92,8%) адам алған.
«Вакцина салдырғандардың басым көпшілігі - облыс орталығының тұрғындары. Ал аудандар бойынша жоғары көрсеткіш - Арал, Қазалы, Жаңақорғанға тиесілі. Кәсіп түрлері бойынша медицина қызметкерлері, мұғалімдер мен күштік құрылымдар қызметкерлері көш бастап тұр. Облыс көлемінде иммундаудан кейін асқыну жағдайлары тіркелген жоқ». - деп мәлім етті облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.
Қызылордада 10 күн бойы ешкім коронавирус жұқтырған жоқ.