Қызылордада экспортқа өнім шығаратын кәсіпорындар қатары көбейді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында өз өнімдерін экспортқа шығаратын кәсіпорындар қатары көбейіп келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

2009 жылы елімізде отандық тауарөндірушілерді қолдау мақсатында «CT-KZ» сертификаты қолданысқа енгізілді. Ол өнімнің Қазақстаннан шығатындығын көрсетіп, тауардың шығу тегін айқындайды.

«Сыр өңірінен тауарларды экспорттауға арналған сертификат негізінен күрішке, балыққа, ас тұзы мен мазутқа, мұнай мен ванадий кеніне берілуде. 2017 жылдан бастап сафлор майын Қытайға экспортқа шығарып жатқан кәсіпкеріміз бар. Көңіл қуантарлығы, соңғы екі жылда экспортқа шығарылатын тауарларға рәсімделген сертификаттардың көлемі 40 пайызға өскен. Бұл өңірімізде экспорт көлемінің артқандығын көрсетіп отыр», - дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов.

Бүгінде қызылордалық өнімдер ТМД елдерімен бірге, Қытай, Моңғолия, Ауғанстан, Латвия, Швейцария елдеріне экспортқа шығып отыр.

Бұдан бұрын Қызылордада испаниялық технологиямен қызанақ өсіретін жылыжай іске қосылатынын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар