Қызылордада «Елбасы кітапханасының ақпараттық ресурстары» аймақтық шарасы өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы Ә.Тәжібаев атындағы ғылыми әмбебап кітапханасында «Елбасы кітапханасының ақпараттық ресурстары» атты аймақтық кәсіби сессия өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Аталмыш шара бүгін Қызылорда қаласында басталған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі көрме жобасы аясында ұйымдастырылып отыр.

Кәсіби сесссия барысында мамандар қоғамдық сананы жаңғырту бағытында мәдени мұраны зерттеу мен насихатату саласы бойынша тәжірибе алмасты. Сондай-ақ, кітапхана, архив және музей қызметтеріндегі ақпараттық технологияларды дамыту мәселелері талқыланды.

Аталмыш шараға қатысушылар Елбасы кітапханасы қызметкерлерінің зерттеу жұмысы мен нәтижесімен танысты.

Жұртшылық алдында Қазақстан Республиксы Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Күләйша Ақтаева кітапханасы атқаратын қызметтер жайында әңгімеледі.

«Бір жәдігердің тарихы», «Музей коллекциялары» жобасын қамтитын «Музей жинақтары» атты ғылыми-қор музейтану бағдарламасы әзірленгені аталып өтті. Аталмыш іс шара open space түрінде ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар