Қызылордада елсіз далада адасып кеткен екі адам табылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылорда облысында құтқарушылар көлікпен елсіз далада адасып кеткен егде жастағы екі адамды аман-есен тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Оқиға Арал ауданындағы Кіші теңізге баратын аумақта болған. Сол аумаққа бет алған жеңіл автокөлік бұзылып, екі адам жолда қалып қойған. Бұл жөнінде Арал ауданы №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне хабарлама түскен.

«Хабарлама арқылы «Лада-2104» маркалы автокөлікпен кетіп бара жатқан Нұр-Сұлтан қаласының 1951 жылғы және Арал ауданының 1940 жылғы тұрғыны айдалада қалып қойғаны анықталды. Хабарлама бойынша Арал ауданының төтенше жағдайлар бөлімінен 1 қызметкер және өрт сөндіру бөлімінен 2 қызметкер «SsangYong» қызметтік автокөлікпен іздестіру шарасына шықты. Іздестіру жұмыстары нәтижесінде жоғалған азаматтар Арал ауданының орталығынан шамамен 40 шақырым жерден аман-есен табылды», - деп мәлім етті Арал аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада мал іздеуге шыққан қарияның денесі арықтан табылды.


Соңғы жаңалықтар