10:35, 01 Тамыз 2023 | GMT +5
Қызылордада ер адам өзін жағып жіберді
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада ер адам өзін өзі жағып жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

30 шілдеде ер адам өзін өзі жағып жіберген. Оған себеп - сүйген қызын қарата алмаған.
Бұл оқиғаны облыстық полиция департаменті растады.
«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабына сәйкес тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды», - деп жазылған хабарламада.
Ер адам ауруханаға жатқызылған. Жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында банк қызметкері 600 млн теңгеден астам ақша ұрлаған.
Банк қоймасындағы қаражатты тексеру барысында 602 900 000 теңге жетіспейтіндігі анықталған.
Контроллер-кассир шамамен 1 000 000 теңгеден 4 000 000 теңгеге дейін ақшаны бөлшектеп, кассадан ұрлағаны анықталды.