Қызылордада еркін күрестен кадеттер арасында Қазақстан чемпионаты өтті

АЛМАТЫ. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматылық Әділет Алтаев еркін күрестен кадеттер арасында ел чемпионы атанды.
None
None

Желтоқсанның 10-11 күндері Қызылордадағы «Еуразия» спорт кешеніде өткен бұл дүбірлі додаға республиканың түкпір-түкпірінен 240 балуан қатысқан болатын. Онда бейресми командалық есепте қарағандылықтардың мерейі үстем болды. Олардан 1 алтыны кем оңтүстікқазақстандықтар екінші орны алды. Ал алматылық, астаналық және павлодарлық балуандар жеңістің биік тұғырына бір-бір реттен көтерілді. Атап айтқанда қарағандылықтардан Жавохир Иристаев (32 кг), Мұхамбет Қуанбек (47 кг), Зулфикар Махамадов (59 кг) пен Шамиль Муртазов (85 кг), оңтүстікқазақстандықтардан Нұржан Сейітжан (38 кг), Асхат Айдархан (53 кг) пен Хамит Әлімжан (66 кг) астаналықтардан Дулат Нұрғожа (35 кг), алматылықтардан Әділет Алтаев (73 кг), павлодарлықтардан Рифат Сайботалов (42 кг) ел чемпионы атанды.

Соңғы жаңалықтар