Қызылордада есірткіге қатысты 20 дерегі анықталған
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымына байланысты сотқа дейінгі тергеп тексеру бойынша бірқатар құқық бұзушылықтар тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Оның 8-і есірткі затын сату, 1-і есірткіні жарнамалау дерегі болып отыр. Сонымен қатар ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабында көзделген қылмыстық теріс қылықтың 20 дерегі анықталған. Онда есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу жағдайы көрсетілген», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Есірткіге тосқауыл қою үшін біршама іс-шаралар атқарылуда. Есірткінің заңды айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында биыл «Дәрмек» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Шара барысында Қызылорда облысы аумағында 16 дәріхана, 1 қойма және 5 денсаулық сақтау саласындағы мекемелері тексеріліп, есірткі өткізудің 3 дерегі және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 427-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтың 8 дерегі анықталды.